Алғашқы кезеңді ойнап шықты

20.11.2018

Қазақстанның ең мықты 16 спортшы ұлдары мен қыздары арасында үстел теннисі бойынша Алматыда іріктеу турнирі қызған кезең. Бүгін жарыстың бірінше кезеңінде спорт шебері Анастасия Лаврова (Астана) жеңіске жетті. Финалдық сегіздікте ол Алсу Сапарованы (Орал), Наталья Сладкованы (3 орын, Қарағанды) және Зәуреш Ақашеваны(2 орын, Қарағанды) жеңді. Финалистердің арасындағы қалған орын мынадай болды: 4 - Гулчехра Хусейінова (Орал), 5 – Сәрвиноз Мірқадірова (Шымкент), 6 – Алсу Сапарова (Орал), 7 – Анель Бахыт (Алматы), 8 – Гаухар Алмағамбетова (Орал). Ертең жарыстың екінші кезеңі, орын алу есебі бойынша чемпион мен іріктеу турнирініңжүлдегерлері анықталады.

Ерлер арасында турнир кестесінің басында Тимур Келбұғанов (Алматы). Одан кейін орналасқандар Денис Жолудев (Өскемен), Дастан Кенжеғұлов (Орал), Бекұлан Жамал (Шымкент), Эрик Райтер (Қарағанды), Санжар Жұбанов (Орал), Айдос Кенжеғұлов (Орал), Искандер Харки (Жамбыл облысы), Александр Герасименко (Астана), Бағдаулет Әкімали (Шымкент), Александр Максимов (Алматы), Сағынтай Құрмамбаев (Өскемен), Диас Сәрсембаев (Ақтөбе), Бейбол Сағын (Ақтөбе), Есенкелді Жанай (Ақтөбе), Геннадий Герасименко (Астана).

Талап Қойбағаров