Алан ширек финалда

21.05.2022

Польшаның Владыславово қаласында үстел теннисінен "WTT Youth Contender" турнирі өтуде және 17 жас санатында қарағандылық Алан Құрманғалиев сәтті өнер көрсетуде. Джузеппе Каларконы (Италия) 3:0, Егор Ларковты (Литва) 3:0, Петр Гавласты (Польша) 3:1, Рохелио Кастроны (Мексика) 3:2 есептерімен жеңіп, Алан ширек финалға шығып, онда Оңтүстік Кореяның өкілі Ли Хоюнмен кездеседі.

Талап Қойбағаров