Алан Құрманғалиев Қазақстандағы Жылдың үздік жас спортшысы атанды

24.12.2022

Үстел теннисінен Қазақстан ұлттық құрама командасының өкілі Алан Құрманғалиев ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған "Жеңімпаз рухы" ұлттық спорт сыйлығында жеңіске жетті. 15 жастағы спортшы "Жастар мен жасөспірімдер құрамасының үздік спортшысы" номинациясы бойынша үздік атанды. Аланға Астанадағы "Қазмедиа орталығы" телерадиокешенінің қабырғасында өткен салтанатты рәсімде марапат табысталды.

2022 жылы халықаралық жарыстарда ол 17 медаль жеңіп алды. Бүкіл қазақстандық үстел теннисі үшін Азия жасөспірімдер чемпионаты мен жастар арасындағы әлем чемпионаты тарихи болды. Алан құрлықтық біріншілікте қола медаль жеңіп алған алғашқы Қазақстандық болды, ал әлемдік біріншілікті аралас жұптық разрядта алтын жүлдемен және жеке есепте "қоламен" аяқтады.